27.12.2023, 15:20

Қазақстан кәсіпкерлік қызмет жаңадан реттеледі

Фото: pixabay.com

Сонымен қатар әкімшілік кедергілер мен артық талаптарды қысқарту мақсатымен кәсіпкерлік қызметті жаңадан реттеу енгізіледі.

Мәжіліс кәсіпкерлік мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Заң жобасы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында әзірленіп, 10 кодекс пен 109 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құжатты әзірлеу барысында депутаттар өңдеуші кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемеақысы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту, қалаларда атмосфералық ауаны қорғауды мемлекеттік реттеудің қосымша құралдарын енгізу, өңірлерде қалдықтармен жұмыс істеу қызметін реттеу және ұйымдастыру және т.б. өзгерістер енгізді.

Сонымен қатар әкімшілік кедергілер мен артық талаптарды қысқарту мақсатымен кәсіпкерлік қызметті жаңадан реттеу енгізіледі.