$ 439.43  473.31  4.82

2023 жылдың ең үздік 10 футболшысы анықталды

Эрлинг Холанд жылдың ең үздік футболшысы атанып отыр.

Фото: 1bol.kz
Фото: 1bol.kz

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың ең үздік футболшыларын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы ең үздік он футболшының қатарында даңқты Криштиану Роналду жоқ. Есесіне, аргентиналық Лионель Месси үздік үштікті түйіндеген. Ал, көш басында норвегиялық сұрмерген Эрлинг Холанд тұр.

2023 жылдың ең үздік футболшылары:

  1. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») - 208 ұпай;
  2. Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен») - 105;
  3. Лионель Месси («Пари Сен-Жермен»/«Интер Майами») - 85;
  4. Родри («Манчестер Сити») - 55;
  5. Джуд Беллингем («Боруссия» Дортмунд/«Реал») - 34;
  6. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») - 27;
  7. Харри Кейн («Тоттенхэм»/«Бавария») - 18;
  8. Бернарду Силва («Манчестер Сити») - 9;
  9. Винисиус Жуниор («Реал») - 8;
  10. Лаутаро Мартинес («Интер») - 7.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары