$ 523.58  549.71  5.01

Түнгі сағат оннан кейін отшашу атқандарға айыппұл салынады

Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатса 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл көзделген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Енді түнгі сағат оннан кейін отшашу атқан жеке тұлғаларға 69 мың теңге айыппұл салынады, деп хабарлайды  Skifnews.kz  ақпарат порталы Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Бизнес субъектілері үшін 345 мың теңге қарастырылған. Себебі, бұл уақытта фейерверк қолдану заң бойынша адамдардың түн тыныштығын бұзу болып есептеледі.

Ал кәмелет жасқа толмаған балалар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланса алдымен ескерту жасалып, кейін ата-анасына 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатса 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл көзделген.

Елімізде пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Бүгінгі күні осы қызмет түрімен айналысатын 40 астам заңды тұлға тіркеуде тұр. Ал азаматтарға ескерту ретінде айтарым пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің бірқатар баптарымен жауапкершілік көзделген, деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Идрисов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары