$ 439.43  473.31  4.82

Сенатта жаңа депутат ант берді

Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитетінің құрамына кірді.

Фото: senate.parlam.kz
Фото: senate.parlam.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Аққожина ант берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өздеріңізге белгілі, 20 желтоқсанда Қостанай облысында өткен сайлауда Парламент Сенатының депутаты болып Бибігүл Аққожина сайланды, - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Спикер жаңадан сайланған сенаторды құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Конституциялық нормаларға сәйкес жаңадан сайланған депутат палата отырысында ант берді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп ант берлі Аққожина.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитетінің құрамына кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары