$ 443.37  474.49  4.83

Үкімет басшысы Qarmet бойынша қажетті шешімдерді бір аптада қабылдауды тапсырды

Еңбекақы уақытылы беріліп, салық төлемдері, сондай-ақ МӘМС төлемдері жүргізілді.

 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңа инвестор мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Qarmet компаниясының қызметі бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қабылданған жедел шаралардың арқасында кәсіпорында желтоқсан айында өндіріс көлемі артқан.

Ферроқорытпа қоры мен көмір қоры өсті.

Дайын өнімді жөнелту қайта жанданды.

Кәсіпорын қызметін тұрақтандыруға 28,6 млрд теңге жеке инвестиция тартылды.

Еңбекақы уақытылы беріліп, салық төлемдері, сондай-ақ МӘМС төлемдері жүргізілді.

2024 жылы Qarmet алдындағы негізгі міндеттер қатарында – жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа инвестициялық келісімшарттар жасасу және өнімсіз шығындарды азайту, т. б. арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері бар.

Премьер-Министр мемлекеттік органдар тарапынан комбинаттың өзекті мәселелерін шешуде қажетті қолдау көрсетуі керек екенін атап өтті.

Осыған байланысты Әлихан Смайылов бір апта ішінде ең басым міндеттер бойынша қажетті шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары