28.12.2023, 13:00

Қазақстанда қызылшадан екі бала көз жұмды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Бұған дейін Өскеменде қызылшадан 6 айлық сәби көз жұмған еді.

 

 

 

Елімізде қызылша жұқпалы аурынан тағы бір бала көз жұмды. Осылайша аталған дерттен қайтыс болғандар саны екіге жетті. Екеуі де жасқа толмаған балалар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың сөзінше, екі жағдай Астана және Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

«Екеуі де бір жасқа дейінгі балалар, яғни екпе салу жасына толмаған балалар. Балалардың бірі шала туған. Көптеген патологиялар болды, оның үстіне қызылша қосылды, - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде қызылшадан 6 айлық сәби көз жұмған еді.

Сондай-ақ ЮНИСЕФ қорының мәліметтері бойынша Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлем елдерінің арасында бірінші орында екені айтылды.

Соңғы мәліметтер бойынша, елде қызылша жұқтырғандар саны 20 мың 200 адамға дейін өсті.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін хабарлағанбыз. Ал елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Астанада тәулігіне 45 вирус жұқтыру дерегі тіркеліп жатқанын айтқан еді.