28.12.2023, 15:40

ШҚО тұрғыны сепаратизм үшін 5 жылға сотталды

Фото: Pixabay

Онда «Ерте ме, кеш пе Шығыс Қазақстан Ресей құрамына қосылады» деп жазды.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғыны сепаратизм үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алтай аудандық сотында қаралған сот ісінің материалдарынан белгілі болғандай, әйел адам Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған Ленин ескерткіші құлаған видеоға пікір қалдырған. Онда «Ерте ме, кеш пе Шығыс Қазақстан Ресей құрамына қосылады» деп жазды.

ШҚО-да туып, осы жерде тұрып жатқанына қарамастан сепаратистік танытқан 43 жастағы айыпталушы сот барысында өз кінәсін толықтай мойындады. Солай жазғанына өкінетіндігін айтып, кешірім сұрады, - делінген үкімде.

Сот шешімімен әйел ҚР ҚК-нің 180-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда кәмелетке толмаған баласы бары ескеріліп, жазаны орындау мерзімі бес жылға кейінге шегерілген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.