28.12.2023, 18:20

Абай облысында психикалық дертке шалдыққан 78 адамның жүргізу куәлігі болған

Фото: pixabay.com

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Абай облысының прокуратурасы 2023 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында талдау жүргізді. Нәтижесінде психикалық аурулары бар адамдарға жүргізуші куәлігі берілгенін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізушінің денсаулығының нашарлауы.

Мұндай құқықты бұзу уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) талабы бойынша сот шешімі арқылы азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан жарамды жүргізуші куәлігі бар.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде.