29.12.2023, 21:30

Нумеролог: Ұлу жылы – карма жылы

Фото: Pixabay

Жылдың девизі: «Асықпай аңдап басамын», «Жеті рет өлшеп, бір рет кес».

Өмірін өзгерткісі келетіндер Жаңа жыл қарсаңында сандарды сөйлетіп, нумерологтар көмегіне жүгінуге құмар-ақ. BAQ.KZ осы салада жеті жылдық тәжірибесі бар Құралай Бақытпен тілдесіп, ұлу жылы елімізде қандай өзгерістер болатынын сұрап көрді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құралай ханым, Жаңа жылда қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Ұлу жылы 8 саны кіреді. Ол нумерологияда ақша саны саналады. Яғни ұлу - кәсіпкерлік жылы десек те болады. Ауқымды жобаларға жол бастайтын, қаржылық сауаттылыққа келетін жыл. Дегенмен келер жыл өте баяу өтеді. Сондықтан көптеген жоспарларды уайымсыз жүзеге асыра аламыз. Уақыт баяу өткеннен кейін де ауа райы да жыл бойы жылы өтеді. Бұл экологиядағы өзгерістерге алып келеді. Соған мән беру керек. Сондай-ақ ұлу жылы жасанды интеллект дамып, біраз өзгерістер болып, халық саны өсетін жыл.

Ал әлемде қандай өзгерістер болады?

Осы жылы кім шығысқа жүреді, сол адам ұтады. Яғни Қытай, Малайзия секілді елдер көршілес елдермен жақсы болса, саудада, бизнесте ұтады. Сол себепті кез келген ел шығыс көршісімен тығыз қарым-қатынаста болса, ел табысқа жетеді. Мемлекет басшысының бұл жылды «Қытай жылы» деп жариялайды деп естігенмін. Бұл өте жақсы стратегия, жақсы қадам деп айта аламын. Ал көршілес елдердегі соғыс бірден тоқтай қалмайды. 4 саны агрессияны білдергендіктен, жылдың ортасына дейін басқа елдерде ол сақталады. Ал 2025 жыл әлем үшін тыныш,жайдарлы жыл болмақ.

Ұлу жылы кімдерге табысты жыл болмақ?

Негізінен көп нәрсе өмірде цикл бойынша қайталанады. Мысалы 2020-2021 жылдардағы карантин металды жылдарға сәйкес келді. Яғни 1920-21 жылдары бұрында оба, испан дерті секілді аурулар шыққан. Сол секілді1945 жылы соғыс тоқтаса, 2025 жыл да жайлы жыл болмақ. Ұлу жылы кімнің жылы 4 санымен аяқталады, соларға жақсы жыл болмақ.

Жылдың девизі: «Асықпай аңдап басамын», «Жеті рет өлшеп, бір рет кес». Яғни кім асықпай алдын ала стратегиямен, жоспармен жүреді, сол адамдар ұтады. Сондықтан алдын ала жоспар құрып әрекет еткен дұрыс. Ұлу жылы – карма жылы. Яғни бұрын еңбегі бағаланбаған адамдар, осы жылда табысқа кенеледі. Кім қиыншылықты бастан өткерді, сол үлкен қуанышқа ие болады.