Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен:
- Қайрат Иматұлы Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан;
- Ерлан Сапарұлы Оразбай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан;
- Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.