29.12.2023, 09:20

Ақтауда қатты желден жаңа жылдық шырша құлап түсті (ВИДЕО)

Зардап шеккендер жоқ.

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы жаңа жылдық шыршаның құлаған видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Жергілікті Lada.kz басылымының мәліметінше, шырша екпінді желге төтеп бере алмай, жерге құлаған. Видео кадрларына қарағанда, бұл сәтте шыршаның айналасында адам болмаған. Зардап шеккендер жоқ.