$ 441.66  475.14  4.86

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 6 қаңтарға дейін жалғасады.

Фото: egov.kz
Фото: egov.kz

Ұлттық тестілеу орталығы қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өтініш қабылдау 6 қаңтарға дейін жалғасады.

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары