Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
Қолайсыз ауа райына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "ҚазАвтоЖол" АҚ-ға сілтеме жасап.
Ақмола облысында – 14 учаске
Жамбыл облысында – 1 учаске
Жетісу облысында – 1 учаске
Қарағанды облысында – 3 учаске
Қостанай облысында – 5 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске
Түркістан облысында – 1 учаске
Ұлытау облысында – 1 учаске
Компания көліктің барлық түріне шектеу енгізілгенін атап өтті.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.