$ 442.05  474.14  4.74

Бірнеше ай бойы сабаққа бармаған: Талдықорғанда 14 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Жоғалған қыздың ата-анасы, туыстары мен жақындарынан жауап алынып жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Талдықорған қаласында 14 жасар қызға іздеу жарияланды. Бұл туралы қалалық полициядан мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 28 желтоқсанда Талдықорған қаласының полиция бөліміне бір мектептің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа қатыспаған 14 жасар оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Кәмелетке толмаған оқушыны іздеумен Талдықорған қалалық полицияның қызметкерлері айналысып жатыр.

Оның жоғалуының бүкіл мән-жайы анықталып жатыр. Іздестіру шараларына облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері мен жақын орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған, - деп хабарлады Талдықорған қалалық полициясынан.

Жоғалған қыздың ата-анасы, туыстары мен жақындарынан жауап алынып жатыр.

Бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп жатыр, сондай-ақ жоғалған қызды тез арада табуға бағытталған басқа да іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары