Қазір елорда әуежайына қонатын 27 әуе рейсі кешіктірілуде.
Астана халықаралық әуежайы күн райының бұзылуына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы 30 желтоқсанда сағат 09:00-ден бастап 12:00-ге дейін жабық болады.
Қазір елорда әуежайына қонатын 27 әуе рейсі кешіктірілуде. Сондай-ақ әуежайдағы ұшу-қону үшін қолайсыз ауа райы орнауына байланысты әуекомпаниялар рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады. Жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Авиациядағы басты қағида - қауіпсіздік, делінген Astana Airport баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.