30.12.2023, 12:30

Қолайсыз ауа райына байланысты Астана халықаралық әуежайы уақытша жабылды

Фото: esil.news

Қазір елорда әуежайына қонатын 27 әуе рейсі кешіктірілуде.

Астана халықаралық әуежайы күн райының бұзылуына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы 30 желтоқсанда сағат 09:00-ден бастап 12:00-ге дейін жабық болады.

Қазір елорда әуежайына қонатын 27 әуе рейсі кешіктірілуде. Сондай-ақ әуежайдағы ұшу-қону үшін қолайсыз ауа райы орнауына байланысты әуекомпаниялар рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады. Жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Авиациядағы басты қағида - қауіпсіздік, делінген Astana Airport баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.