Тығылып, қуыстанып жүретін өмірден Құдай мені сақтаған!
Әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желіде тараған Мұхтар Әблязовпен бірге түскен суретіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған суреттен бұл Болмановтың жас кезіндегі суреті екенін аңғару қиын емес. Өзі де бұл суретке 25 жыл болғанын айтады.
...Осы суреттегі азаматтар кезінде өнер мен білім саласының үздіктері болып, марапатталып еді. Сарапшылар алқасы Төрегелді Шарманов, Ақселеу Сейдімбек, Қадыр Мырза Әлі болатын. "Ұлытау" тобы да “Тарлан” сыйлығын алып еді. Сол кезде естелік фотоға түскеніміз бар. Әблязовпен дос та, қас та емеспін. Танымаймын да, әңгімелесіп те көрген емеспін, - деп жазды продюсер Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ ол бұл ақталуға жатпайтынын баса атап өтіпті.
...Менің бақытым – тазалығымда. Ешқашан ұрлық жасамадым. Үкіметтен қаржы сұрамадым. Тығылып, қуыстанып жүретін өмірден Құдай мені сақтаған! Абыроймен марапаттаған. Әрі қарай өздеріңіз білесіздер! Бұл – ақталғаным емес, ағымнан жарылғаным, – деді өнер иесі.