$ 443.37  474.49  4.83

Қаракөлдегі аққулар неге өліп жатыр?

"Қарақия-Қаракөл" мемлекеттік табиғи қорығынынан 30 аққудың өлексесі табылған. 

Фото: ustirt_kz
Фото: ustirt_kz

Мамандар Ақтау маңындағы Қаракөл көлінің жағасында 30 аққудың өлу фактісі бойынша сараптама нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Lada.kz жазуынша, өңірдің экология департаменті судың іріктелген сынамаларында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету анықталмағанын айтты.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары өз кезегінде тест өткізді. Нәтижелер оң болды және құс тұмауы вирусының болуын растады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 желтоқсанда "Қарақия-Қаракөл" мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары қаза тапқан 30 аққудың өлекселерін тапқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары