Өкінішке қарай мерекелік демалыс күндері қарсаңында қонақүйлер адамдарға толы болғандықтан жағдай күрделене түсуде.
Ауа райын байланысты Астана қаласында Air Astana рейстері ұша алмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшу қауіпсіздігі әуе тасымалдаушысының негізгі басымдығы, сондықтан елордаға келетін немесе кететін бірқатар рейстер тоқтауға мәжбүр болды.
30 желтоқсанда тоқтатылған рейстер:
Алматыдан/Алматыға: КС 621/622, КС 651/652, КС956, КС992A, КС855/856, КС 9910/9920
Дубайға / Дубайдан: КС 207/208
Ақтөбеге/Ақтөбеден: КС 965/966
Оралдан /Оралға: КС979/980
Атырауға/Атыраудан: КС 981/982, КС 983/984
Өскеменге/Өскеменнен: КС 345/346
Ақтауға/Ақтаудан: КС 313/314
Air Astana орындалмаған рейстердің жолаушыларына сатып алу орны бойынша билеттердің құнын тегін қайтаруға және қайта брондауға мүмкіндік береді.
Қазір әуе тасымалдаушы мүмкіндігінше жолаушыларды қонақүйлерге орналастырады. Өкінішке қарай мерекелік демалыс күндері қарсаңында қонақүйлер адамдарға толы болғандықтан жағдай күрделене түсуде.
Жолаушылардың сұраныстарын жедел өңдеу үшін Брондау және ақпарат орталығы, сондай-ақ Астанадағы жерүсті қызмет көрсету қызметі қызметкерлерінің құрамы күшейтілді.
«Әуе тасымалдаушы күн райының өзгеруін бақылап отыр және тезірек жолаушыларды діттеген жерге мүмкіндігінше тез жеткізуге күш салады. Жолаушыларға түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреміз және компанияның ресми сайтында рейстердің мәртебесін бақылап отыруға болатынын еске саламыз»,-делінген әуежайдың баспасөз хабарламасында.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда әуе компаниясы жолаушылардан келесі нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды.
Брондау және ақпарат орталығы
Рейстер кешігу мәселелері бойынша жедел желі: +7 7272 44 44 78
WhatsApp: +7 702 702 00 74