31.12.2023, 16:30

Таразда жаңажылдық шыршаны өртеген күдікті ұсталды

Фото: видеодан кадр

31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған.  

Тараз қаласындағы саябақтардың бірінде орналасқан жаңажылдық шырша өртеніп кетті. Тәртіп сақшылары өрт қойған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР

31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған. Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Негізгі шыршаның "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасқанын атап өту қажет.