$ 443.72  482.28  4.9

Астанада желден көпқабатты үйдің қасбеті опырылып түсті

Ақауды жаңа мердігер «Болашақ GLN Group» ЖШС жөндейтін болды. 

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Астанада қатты желден тұрғын үй кешендерінің бірінің қасбеті түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосын куәгерлер түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Автордың айтуынша, Төлебаев 5 мекенжайындағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінің қасбеті жұлынған.

Астана әкімдігінен хабарлағандай, қасбеті құлаған «Арыстан» тұрғын үй кешені үшінші кезегінің 1-ші блогының құрылысын бастапқыда «Kaztelematica» ЖШС жүргізді.
Кейіннен шарттық міндеттемелерді айтарлықтай бұзып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау мерзімін сақтамағандықтан, келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылған. Нысанға техникалық тексеру жүргізілді, - деп хабарлады әкімдіктен.

Ақауды жаңа мердігер «Болашақ GLN Group» ЖШС жөндейтін болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары