01.01.2024, 18:30

Бүгіннен бастап ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері өзгерді

Фото: Pixabay

Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге (4777 теңге).

Бүгіннен бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Осылайша биыл елдегі ең аз еңбекақы 85 мың теңге болды, яғни 15 мың теңгеге ұлғайып отыр.

Ал айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге. Сондай-ақ зейнетақының ең төменгі көлемі 57 853 теңгеге жетті. Ал базалық зейнетақы төлемі -  28  215 теңге болды.

Бұдан бөлек базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңге болып бекітілді.

Ең төменгі жалақы - 85 000 теңге (15 000 теңге)

Айлық есептік көрсеткіш - 3692 теңге (242 теңге)

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге (3 874 теңге)

Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге (4777 теңге).