$ 443.44  480.51  4.88

«Манчестер Юнайтедтің» жаңа қожайыны бапкер ауыстырады

71 жастағы миллиардер қазіргі бас бапкер Эрик тен Хаагке көңілі толмайды.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

"Манчестер Юнайтед" басшылығына келген сэр Джим Рэтклифф клубта үлкен өзгерістерді бастағалы тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosport.kz-ке сілтеме жасап.

71 жастағы миллиардер қазіргі бас бапкер Эрик тен Хаагке көңілі толмайды. Бұл туралы белгілі журналист Майк МакГрат хабарлады.

Рэтклифф команданы "Челси" мен "Брайтон" клубын жаттықтырған Грэм Поттер басқаруы керек деп санайды. Клуб басшылары бұл маманмен жақын арада келіссөздерді бастауға дайындалып жатыр.

Грэм Поттер көктемнен бері жұмыссыз. Оның қызметіне Швеция футбол федерациясының, «Лион» және «Наполи» клубтарының басшылығы қызығушылық танытқан. Алайда екі жақ келісімге келе алмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары