02.01.2024, 23:30

Елордалық полицейлер халыққа ескерту жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Ерекше сақтық шараларын жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақтауы керек.

 

 

 

Астана қаласының полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге және қала тұрғындарына үндеу жасады,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елордалық полиция жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына төтеп беруге көмектесуде. Тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілікте. Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер қар құрсауында қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсетуде.

Ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерден ұзақ сапарға шықпауын сұраймыз. Қала көшелерінде ауа-райының қиын жағдайын ескере отырып, өте сақ болып, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтау керек. Ерекше сақтық шараларын жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақтауы керек. Жүргізушілер үшін жолдарда жаяу жүргіншілердің көрінуі қиын, сондықтан көліктердің тоқтағанына көз жеткізіп, жолды белгіленген жерлерден ғана кесіп өту керек, – делінген ПД хабарламасында.