03.01.2024, 03:30

Еуроодақ екі млрд еуро шығынға батуы мүмкін

Фото: pixabay.com

Препараттың құны 4 миллиард еуроға бағаланды.

 

Еуроодақ елдері жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрінің кесірінен 2 миллиард еуро шығынға батуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселе коронавирусқа қарсы америкалық препарат жайлы. Пандемия кезінде одақ оны көптеп сатып алған. Бірақ 3 миллион дозаны әлі қолданбаған. Бірақ екпе биыл ақпан айында дейін қолдануға жарамды. Мұндай жағдай бұған дейін де болды.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның 215 миллион дозасы мерзімі өтіп кетіп, жойылған еді. Ол кезде қолданылмаған препараттың құны 4 миллиард еуроға бағаланды.