Есеңгіреп қалған әжейдің туыстары полицейлерге алғысын жеткізді.
Атыраулық полицейлер туыстары өлді деп хабарлаған әжеге екінші өмір сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Bugin.kz-ке сілтеме жасап.
31 желтоқсан күні "анам құлап қайтыс болды" деп Атырау қаласының тұрғыны полиция шақырған. Әйел жуынатын бөлмеде есінен танып, құлап жатқан. Полиция әйелдің неден қайтыс болғанын анықтауға келеді. Жедел-тергеу тобының криминалистері 1947 жылы туған әйел адамнан тіршілік белгілерін байқайды. Әйелдің тамыр соғысы бар болған. Олар дереу жедел-жәрдем шақыртқан. Осылайша, 76 жастағы әжей дәрігерлерге тапсырылды.
Есеңгіреп қалған әжейдің туыстары полицейлерге алғысын жеткізді.