$ 442.05  474.14  4.74

Автобустың қай жерде екенін көруге болатын қосымша пайда болды

Мобильды қосымша App Store, Google Play, AppGallery жүктеп алуға қолжетімді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елорданың қоғамдық көлігінде электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеудің жаңа жүйесін енгізу аясында, автобустардың қозғалысы мен нақты орналасқан жері туралы ақпаратты Аvtobуs мобильді қосымшасында көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мобильды қосымша App Store, Google Play, AppGallery жүктеп алуға қолжетімді.

Айта кету керек, қазіргі уақытта жаңа жүйеге көшуге байланысты интеграциялық жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан, аялдамалардағы ақпараттық таблоларда автобустардың келу уақыты уақытша қолжетімсіз. Бұл мәселе 2024 жылдың қаңтар айының соңына дейін шешіледі, - деді «City Transportation Systems» ЖШС.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары