2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін Президент баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды.
Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін Мейірлан Раханов атқаратын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, – делінген хабарламада.
Мейірлан Раханов 1988 жылы Қарағанды облысының тумасы.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастаған.
2012 жылы – Қарағанды облысы Салық басқармасының жетекші маманы.
2012-2013 жылдары – Қарағанды облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының бас маманы.
2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
2016-2021 жылдары — Президенттің баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы.
2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін Президент баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды.