$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық университеттердің бірінде 43,8 млн теңге жымқырылған

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 43,8 млн теңге жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде.

Сонымен қатар, прокуратура университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды, делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары