05.01.2024, 09:40

Жапониядағы жер сілкінісі: Қаза тапқандардың саны 91-ге дейін өсті

Фото: reuters.com

55 адам Ваджима қаласында мерт болды. 

Жапониядағы қуаты 7,6 баллдық жер сілкінісінің ошағы Ното түбегінде болған жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер саны 91-ге дейін өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

5 қаңтарда таңертең Жапонияның батысында 7,6 баллдық жер сілкінісінен кейін қайтыс болғандар саны едәуір өсті. 55 адам Ваджима қаласында мерт болды. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Жапонияда жер сілкінісінен 62 адам қаза тапты

Еске салайық, бұған дейін Жапонияда қуатты жер сілкінісі болғаны туралы хабарлаған едік. Жер сілкінісінің эпицентрі Ното түбегінде болды. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты. Reuters агенттігінің мәліметінше, магнитудасы 7,6 балл жер сілкінісі Жапон теңізінің жағасында биіктігі 1 метрге жететін толқын тудырды.