$ 441.66  475.14  4.86

Қазақстан халқының саны 20 млн 14 мың болды

2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты.

Фото: qazaqstan.tv
Фото: qazaqstan.tv

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны 20 014 575 адам болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ұлттық статбюро мәліметінше, оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам. 

2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді – 2,40% .

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары