$ 443.44  480.51  4.88

Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. 

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктер мәліметінше, 6 қаңтарда Астана, Алматы, Жезқазған, Балқаш қалаларында және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары