Тергеу жалғасып жатыр.
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алғаны үшін «Атырау облысы білім басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазіргі таңда аталған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Атыраудың мамандандырылған тергеу соты мемлекеттік қызметшіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.