06.01.2024, 16:30

Ақмола облысында екі ауылдың халқы жарықсыз қалды

Фото: pixabay.com

Қазір ауылдардағы желілердің 90 пайызы тозған.

 

Ақмола облысының Зеренді ауданында электр желілерінде апат жиі жиі болып тұрады. Соның салдарынан бірқатар ауылдар жарықсыз отыруға мәжбүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, биылғы қаңтардың 2-де сағат 16:30 шамасында «Зеренді-Айдарлы» 10 КВт желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Айдарлы және Қошқарбай ауылдары жарықсыз қалған.

Жөндеу жұмыстарын «Қуат энерго партнер» ЖШС жұмысшылары 23:20 дейін жүргізген, алайда, бірқатар апаттық себептерге байланысты жарық жұмыстары кейінге қалды. Қаңтардың 3-де сағат 08:00 жөндеу жұмыстары жалғасып, түскен дейін Айдарлы және Қошқарбай ауылдарына жарық берілді. Алайда, сол күні сағат 18:26 «Зеренді-Айдарлы» 10 КВт желісінде қайтадан жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталмыш ауыл тағы да жарықсыз қалған. Бұл жолы жөндеу жұмыстарына «Technical work group» ЖШС тартылды, сағат 22:10-де электр жарығын тарату жұмыстары қалпына келді, – делінген Зеренді ауданы әкімдігінің ресми мәліметінде.

Айтуынша, жарықтың жиі сөндірілуіне электр желілерінің істен шығуы себеп болып отырған көрінеді.

Қазір ауылдардағы желілердің 90 пайызы тозған.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қосшы қаласында күшті жел салдарынан 1229 абонент жарықсыз қалғанын жазған едік.