Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін әйелмен тиісті профилактикалық әңгімелер жүргізілгенін қосты.
Алматы облысының полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов 2023 жылдың 25 желтоқсанынан бері іздеуде жүрген Алматы облысының із-түзсіз жоғалған тұрғынының табылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"2023 жылдың 25 желтоқсанында Алматы облысы ПД аумақтық бөлімшесінің полициясына 1990 жылы туылған азаматша А-ның туыстары оның хабарсыз кеткенін хабарлады. Өтініш дереу Кеген аудандық ІІБ-на тіркелді және барлық қажет іздестіру шарасы қолға алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жоғалған қыздың қайда екені анықталып, облыстық ішкі істер департаменті оны жақын туыстарына тапсырды", — деп жазды Әленов Instagram-дағы парақшасына.Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін әйелмен тиісті профилактикалық әңгімелер жүргізілгенін қосты.
Бұған дейін Lider.kz еріктілері қызға іздеу жарияланғаны туралы хабарлама жариялаған. Хабарламада ол жоғалған күні үйінен таксиге отырып, Есік қаласына дейін бұрылысқа кетіп, көліктен түсіп, жоғалып кеткені айтылған.