07.01.2024, 15:30

Президент Елена Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтады

Фото: Ақорда

Бұл жайында Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Брисбен турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаға жылы лебізін жолдады. Бұл жайында Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді, - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.