08.01.2024, 11:20

Астанада құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Ол 5 млрд теңгеден асатын залал келтіргені үшін күдікке ілінді.

 

Елордада 10 көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауда.

Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамдарды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған.

7 адамға, соның ішінде құрылыс компаниялардың 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды. Ол 5 млрд теңгеден асатын залал келтіргені үшін күдікке ілінді, – делінген елорда прокуратурасының хабарламасында.  

Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырды.