2023 жылы туылғандар кәмелеттік жасқа толған соң шамамен 3,5-4 мың доллар алады.
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстанның азаматы болып табылатын барлық балаларға жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% есептелетін болады. Бұл ретте табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Есепті жылы барлық балалар қаржыны бірдей мөлшерде алады, – делінген «Ұлттық қор – балаларға» сайтында.
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
2023 жылдың қазаны
БЖЗҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісі туралы ақпарат алды.
2024 жылғы 15 қаңтар
БЖЗҚ 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасынан алынған ақпарат негізінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастырады.
2024 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей
БЖЗҚ 2023 жылғы есепті жылға бір балаға шаққандағы мақсатты талаптардың сомасын есептеп, ақпараттық жүйеге енгізеді.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап
БЖЗҚ 2024 жылы 18 жасқа толған және толатын мақсатты жинақтарды алушылар үшін нысаналы жинақ шоттарын ашады.
Жоғарыда аталған сомалар «электрондық үкімет» және БЖЗҚ интернет-ресурстарында қарауға қолжетімді болады, – делінген хабарламада.
Болжам бойынша, 2024 жылы 18 жасқа толған балалар бағдарлама бойынша шамамен $160 ала алады деп бұрын хабарланған болатын. 2023 жылы туылғандар кәмелеттік жасқа толған соң шамамен 3,5-4 мың доллар алады.