$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да 14 мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі анықталды. 

Фото: БҚО прокуратурасы
Фото: БҚО прокуратурасы

БҚО-ның 14 мектебінде балалар суицидтік және зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін қол жеткізе алып келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұсынуы бойынша 14 мектеп директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды. Яғни, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі анықталды, –  делінген БҚО прокуратурасының хабарламасында.

Осылайша, жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды.

Бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары