Көлік министрлігінің бірнеше теміржол стансасы мен разъездің атауларын өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды.
«Ашық НҚА» порталында Көлік министрлігінің бірнеше теміржол стансасы мен разъездің атауларын өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «БП Ақмола бөлімшесі» филиалының «Нұр-Сұлтан» темір жол станциясы «Астана» темір жол станциясына;
ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «БП Ақмола бөлімшесі» филиалының «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол станциясы «Нұрлы жол» теміржол станциясына өзгертілсін, — делінген құжатта.
Сондай-ақ, Жетісу облысындағы «ҚТЖ — Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «БП Алматы бөлімшесі» филиалының «№ 13» темір жол разъезі «Ақши» темір жол разъезіне;
Қызылорда облысындағы «ҚТЖ — Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалы Қызылорда бөлімшесінің «№ 26» теміржол станциясы Жетітөбе станциясына;
Маңғыстау облысындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалының Маңғыстау бөлімшесінің «№ 1» темір жол разъезі «Күйкен» темір жол разъезіне;
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалының Маңғыстау бөлімшесінің «№ 10» темір жол разъезі «Боздақ» темір жол разъезіне;
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалының Маңғыстау бөлімшесінің «№ 460» темір жол разъезі «Сарға» темір жол разъезіне;
«ҚТЖ — Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалының Маңғыстау бөлімшесінің «Тірек» теміржол станциясы «Боранқұл» теміржол станциясына;
Атырау облысындағы «ҚТЖ — Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Батыс» филиалының Маңғыстау бөлімшесінің «Майкөмген» теміржол разъезіне «Толтыр» теміржол разъезіне өзгертіледі.