08.01.2024, 21:30

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Қорғаушы қазір өлімінің мән-жайын айта алмайтынын жеткізген.

Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы Жанна Оразбахова Instagram-дағы парақшасында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өткен аптаның соңында бізге Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланды. Қазір іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық. Қылмыстық істің материалдарын толық көрдім, – деп жазды адвокат.

Қорғаушы қазір өлімінің мән-жайын айта алмайтынын жеткізген.

Менің мұндай істер бойынша тәжірибем жеткілікті, бұрын кісі өлтіру істеріне қатыстым, бірақ тіпті сарапшылардың қорытындысы мені таң қалдырды, мұндай қатыгездік пен салқынқандылықты бұрын-соңды көрген емеспін, –  деп жазды Жанна Оразбахова.