09.01.2024, 14:20

«QAZAQ AIR» компаниясы тағы сатылымға шығарылды

Фото: facebook.com/QazaqAir

2023 жылғы 13 қарашада «QAZAQ AIR» АҚ-ты жекешелендіру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылған.

«Самұрық-Қазына» АҚ «QAZAQ AIR» компаниясын тағы сатылымға шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа ашық екі кезеңдік конкурс аясында «QAZAQ AIR» АҚ акцияларының 49-дан 100 пайызға дейін сату бойынша конкурс өткізу басталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылғы 13 қарашада «QAZAQ AIR» АҚ-ты жекешелендіру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды, – делінген қор сайтында жарияланған ақпаратта.

Компанияны жекешелендірудегі басты мақсат – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар бәсекелестік нарығындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету.