Бір студент колледжде білім алса, екеуі жоғары оқу орнында оқып жүрген.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыдағы хостелдің өртенуіне не себеп болғанына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Біріншіден, жарық құрылғысы қызып әрі балқып, сымдардың қысқаша тұйықталуынан болуы ықтимал. Екіншіден, өрттің шығуы. Мәселен, біреу темекі тұқылын немесе сіріңкені лақтырған болуы мүмкін. Міне, негізгі себептер – осы факторлар, – деді Төтенше жағдайлар министрі Үкіметтің баспасөз орталығында.
Еске салсақ, 2023 жылдың қарашасында Алматыдағы хостелдердің бірінде 13 адам қаза тапты. Өрттен қаза тапқан 13 адамның үшеуі студент екенін хабарланды. Бір студент колледжде білім алса, екеуі жоғары оқу орнында оқып жүрген.