$ 494.87  520.65  4.91

Қаржы министрлігі сыйға тартылған көлікті 40 млн теңгеге сатып жіберген

Көліктің құны – 83,9 млн теңге. 

Фото: Telegram/protenge
Фото: Telegram/protenge

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов былтыр шілдеде ведомствоға сыйға тартылған қымбат Bentley көлігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Bentley көлігі туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратты көрдім. Былтыр мемлекетке көлік сыйға тартылған. Ол 40 млн теңгеге бағаланып, сатылды. Қымбат көлік қандай да бір мемлекеттік органға берілмеді. Ол аукцион арқылы сатылып, ақша бюджетке түсті. Бұл өте жақсы деп ойлаймын. Көлікті кім сатып алғанын айта алмаймын, – деді Ержан Біржанов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске салсақ, бұған дейін Telegram-дағы PROTENGE арнасы Қазақстанға 2017 жылы шығарылған Bentley Bentayga көлігі сыйға тартылғанын жазған болатын. Көліктің құны – 83,9 млн теңге. Алайда бұл ақпаратты Қаржы министрлігі хабарламаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 5
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары