09.01.2024, 18:20

ШҚО-да екі көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды

Фото: astanatv.kz

Бірқатар сараптама тағайындалған. Соның нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталмақ.

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде жол апатынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 8 қаңтарда болған. Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 44-ші шақырымында екі көлік соқтығысты.

Lada Granta мен Mercedes Sprinter автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан бір жолаушы сол жерде жантәсілім етті. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша КР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының адам өліміне әкеліп соғуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

Бірқатар сараптама тағайындалған. Соның нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталмақ.