$ 494.87  520.65  4.91

Прокуратура халыққа жалған жарнамаға сенбеуді ескертті

Осыған байланысты прокуратура азаматтардан тағы да қырағы болуды және жасырынған қаржы пирамидасы болуы мүмкін түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға бой алдырмауды сұрайды.

 

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнаманы анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік «ҚазМұнайГаз» платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды, – делінген прокуратураның хабарламасында.

Осыған байланысты прокуратура азаматтардан тағы да қырағы болуды және жасырынған қаржы пирамидасы болуы мүмкін түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға бой алдырмауды сұрайды.

Өз кезегінде құқық қорғау органдары заңсыз инвестициялық ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шараларын қабылдауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары