$ 494.87  520.65  4.91

«Өскемен-Семей» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмды

«Chevrolet Niva» және «Toyota» маркалы көліктер соқтығысып қалды.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Өскемен мен Семей қалаларының арасындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда «Өскемен-Семей» тасжолының 23-ші шақырымында Саратовка кентінің маңында болған.

«Chevrolet Niva» және «Toyota» маркалы көліктер соқтығысып қалды. Соның салдарынан екі жолаушы сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген ақпаратта.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары