7 рейс әуе компанияларының техникалық себептеріне байланысты кешіктірілуде.
Астана халықаралық әуежайының әуе айлағында қызметкерлер қолайсыз ауа райында қызмет етіп жатыр. Мұнда күшті жел тұратыны ескертілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сағат 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-тан 27 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін.
Дәл қазір әуежайдың әуе айлағында қар қалың, желдің жылдамдығы секундына 10 метрге жетеді, алайда желдің екпіні 15 м/с-ке дейін жетіп тұр. Бүгін елорда әуежайында 75 рейстің ұшуы жоспарланған. 7 рейс әуе компанияларының техникалық себептеріне байланысты кешіктірілуде. Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдыруы тіркелген жоқ, – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Әуе айлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған.
Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының nn-airport.kz ресми сайтынан қарауға болады.
Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы 8(7172)702-999 байланыс орталығы жұмыс істейді.