Бас прокуратура ұсынған деректерге сәйкес, 824 адам прокурорлар тарапынан қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды.
Бас прокуратура елімізде қылмыс санының төмендегенін мәлім еттті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстанда қылмыстың 11 пайызға (152 472 - 140 272) төмендеуі байқалуда. Оның ішінде ауыр қылмыстар 14,9 (44 106 - 37 548); ауырлығы орташа қылмыстар 12,6 (67 340 - 58 874); онша ауыр емес қылмыстар 4 пайызға (22 741 - 21 826) қысқарды. Аса ауыр қылмыстар 15,7 пайызға (2 241 - 2 593) өсті. Тергеуді қадағалау аясында прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты, - делінген ведомство мәліметінде.
Бас прокуратура ұсынған деректерге сәйкес, 824 адам прокурорлар тарапынан қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7 пайызға (578-ден 447-ге) қысқарды. 97 тұлға сотпен ақталды.