Бірінші партия ортасында Рыбакина брейк жасай білді – 6:3.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирін сәтті бастады, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 61-орында тұрған түбі молдовалық, Испания өкілі Кристина Бучамен кортқа шықты.
Бірінші партия ортасында Рыбакина брейк жасай білді – 6:3.
Елена екінші сетті брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Кристина таразы басын теңестіре алды – 3:3. Есеп 5:5 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейкке қол жеткізді. Ақыры екінші матчболын эйспен түйіндеді – 7:5.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейліктер, әлемнің 16-ракеткасы Вероника Кудерметова немесе рейтингіде 21-сатыдағы Екатерина Александрованың қай жеңгенімен кездеседі.